2019 жылдың 23 қазанында көркем сөздің хас шебері, қазақ әдебиетінің алыбы,драматург,публицист Бейімбет Майлинге №7 мектеп-гимназиясында Би ағаның немере, шөбересінің қатысуымен ескерткіш тақта орнатылады.
Шығармашылық талантымен жарқырай ашылған қаламгер Бейімбет Майлин соңында құнды шығармалар қалдырды.
«Шұғаның белгісі» (1926), «Раушан — коммунист» (1929), «Он жылда» (1927), «Колхоз», «Асулардан асқанда» (1930-1931), «Сойқанды содырлар» (1928), «Кесінділер» (1929), «Майдан» (1933), «Алыптарды аралағанда» (1934), «Мырқымбай», «Азамат Азаматыч» (1935),атты шығармалар жинағы оқырман көзайымына айналды. Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады