Аламан
Бейімбет – 125
Көсем сөздің зергері, ақын, драматург, журналист,публицист Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай Рудный қаласы әкімдігінің «Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы»КММ қала мектептері мен шығармашылық ортаға арналған Бәйге жариялайды.
Бәйгеге Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректер мен танымдық тұрғыда жазылған материалдар, деректі фильмдер, ғаламтор- басылымдарда жарық көрген мақалалар қабылданады.
Бәйгеден үмітті шығармалар электронды поштасына 2019 жылдың 15 қарашасына дейін келіп түсуі керек.
Қосымша мәліметтерді алу үшін мына телефонға хабарласа аласыздар
8714(31)7-95-24;
87059601200
Шығармаларды қазылар алқасы сараптайды.