Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғалған «Туған жер - Туған ел» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылдың18 сәуірінде мектебімізде 7-11сынып оқушылары арасында «Үздік гид-экскурсовод – 2018» байқауы өтеді.
Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге дайындық, Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын насихаттау, экскурсиялық қызметке белсенді қатысу арқылы оқушылардың азаматтық-патриоттық тәрбиесін және шығармашылық қабілетін дамыту, экскурсия жүргізудің түрлі әдістерін кеңінен пайдалану, жас оқушы-экскурсоводтарды қолдау және анықтау, коммуникативті мәдениетті дағдыларын дамыту мақсатында өтетін байқау барысында оқушылардың экскурсия жүргізуге деген талабы анықталады. Оқушылар жергілікті жеріміздің, Рудный қаласының көрікті жерлерімен, кереметтерімен таныстырады. Критерийлерге сай әңгімелеп беру әдісі, сөйлеу мәнері, топпен әңгімелесуі, ақпараттық технологияларды қолдануы, бағытты жақсы түсіндіре білуі және оны ұтымды құруы сияқты жұмыстары бағаланатын болады