Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында «2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл.
Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз. Осыған байланысты, бас қаламыз – Астананың 20 жылдық қалыптасу және қарышты даму кезеңі хақындағы ой-толғанысымызды ортаға сала отырып, ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында 10 наурыз күні 0-9 сыныптар арасында макет, көрме байқауы өтеді. Ғимараттар мен ұлттық аспаптардың макет, бұйымдарын төмендегі сыныптардан күтеміз.
0 сынып – «Тарихи шешім тағылымы»
1 сынып – «Қобыз»
2 сынып - «Жетіген»
3 сынып – «Еңселі Елорда»
4 сынып – «Бәйтерек»
5 «а,ә» сыныптары –«Ханшатыр»
5 «б,в,г» сыныптары – «Рухани жаңғыру»
6 «а,в» сыныптары – «Домбыра»
6 «ә,б,г» сыныптары – «Ақорда»
7 сынып – «EXPO»
8 сынып – «Бейбітшілік пен келісім сарайы»
9 сынып – «Қазақстанның картасы»