Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Бата беру-адал ниет, жақсы тілек білдірудің дәстүрі.Дастархан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуанышты кезінде қол жайып, бата береді.Сондай-ақ алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілеп бата береді.

Бата беретіндер, көбіне көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді.Бата қысылғанда- қуат, қиналғанда-медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерімізді жаңғырту мақсатында 1 наурыз күні мектебімізде Аналар күніне орай «Ақ бата» байқауы өтетіндігін хабарлаймыз!