Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Рудный қаласы әкімдігінің

«Бейімбет Майлин атындағы

№7 мектеп - гимназиясы» КММ

Педагог-психолдог М.Ж.Искендирова

             

Оқушылардың ортаға бейімделуін анықтау үшін диогностика

 

    Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу мәселесі бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән.

Оқу жағдайының өзгеруін ғана емес, сонымен бірге 10-15 жастағы балалардың  жас ерекшеліктерін және қажеттіліктерін де есепке алу өте маңызды. Сол себепті де, оқушылардың дезадаптациялық жағдайларын анықтау мақсатында Л.П.Пономаренко және Д. Лампеновтың  «Ағаш» проективті әдісі бойынша  диагностика  жасалынды. Диагностика мақсаты: Сынып ұжым арасындағы жайлылықты және мектепте өзіндік жеке уайымдардының деңгейін анықтау.

Өткізілу нұсқаулығы: Қатысушыларға ағаштың әр жерінде орналасқан адамдардың суреті таратылады. Сіздердің алдарыңызда орманды мектеп бейнеленген. Оқушылар сол ормандағы адамдардың ішінде. Әр қайсысының көңіл-күйі әр түрлі, әр қайсысы өзінің сүйікті ісімен айналысуда, әр қайсысы өзінің орнында. Мүмкін, орманды адам неғұрлым ағаштың жоғарғы жағында болады, соғұрлым оның жетістігі де биік және мектепте табысты болады. Ал енді қолдарыңа қызыл түсті қарандашты (фломастер) алып өзіңізді еске түіретін адамды бояңыз. Сізің мектептегі көңіл-күйіңіз, орныңыз. Енді жасыл түсті қарандашты алыңыз да (фломастер) өзіңзді еске түсіретін адамды бояңыз, басқа біреудің орнында болғыңыз келетін адамның орнын бояңыз.»

Диагностика уақыты: 5-7 минут

Жасы: 11-12 жас (5 сынып)

Өткізілу уақыты: қазан және сәуір кезінде мониторинг

 

 

 

 «Ағаш» проективті әдісінің интерпретациясы оқушылардың суреттегі белгілеген адамдарына байланысты, оқушы суреттегі адамның қандай позицияны таңдағанына байланысты, таңдаған адамның жағдайына байланысты нақты және идеалды ұстанымын және арасындағы айырмашылығын анықтайды.

Интерпретация оқушыны бақылау арқылы, мұғалімнің, ата-анамен пікір алмасу барысында, оқушыны бақылау және мінезін бақылау арқылы және баламен әңгімелесу арқылы тәжірибелік тұрғыдан Д.Лампеновтың ұсынысы бойынша талқыланды. Талқылап нәтижесін шығаруға оңай болу үшін, суреттегі әр бір адамға нөмерлер белгіленіліп қойылған.

Қорытынды:

Диагностикалық зерттеулерден оқушыларда  мазасыздану деңгейі  мен сыныптағы қарым-қатынас денгейін, өзіндік жеке топты анықтауға тейімді әдіс. Әдіс нәтижелері талданып қарым-қатынас денгейін дамыт  үшін алдын-алу шараларын қолданып, тұзету жұмыстары жұргізілді. Аталмыш әдіс нәтижесінде түзету дамыту жұмыстарын жандандыру үшін мұғалімдер мен  ата-аналармен  жиналыстар, кеңестер  жүргізіледі.

 

 

 

 

 

: