Рудный қаласы әкімдігінің
«Бейімбет Майлин атындағы
№7 мектеп - гимназиясы» КММ
Педагог-психолдог М.Ж.Искендирова
Бала бойындағы ішкі жан күйзелісін жоюдың жолдары
Отбасында қалыптасқан түрлі қолайсыз жағдйлар жеткіншек бойындағы мінез-құлықтың кері қалыптасуына себепші болады. Бүгінде «өз-өзіне қол жұмсау» деген үрейлі ұғымның белең алғанына біраз болды. Бұл ұғым психологиялық дағдарысқа ұшыраған жеткіншектерге немесе тұлғаға айтылса керек. Осыған орай психологиялық зеріттеу жұмыстарын жүргізіп, бұндай келеңсіздіктің болдырмау жолдарының түйіндерін қарастырдым.Оның жалпы бағдары мынадай:
- Баланың ішкі күйзелісінің шығу себептерін анықтап, шығу жолдарын іздестіремін.
- Бала көңілін мадақтау арқылы көтеремін.
- Оқушылардың адамдармен көбірек сөйлесуін басшылыққа алып дамытамын.
- Топпен көбірек жұмыс жасаймын.
- Әр баланың бойындағы өзіне деген сенімділікті жоғарылатуға тырысамын.
- Қандай да бір оқиға желісіне өзінің ойын қысылмай, ашық жеткізуге үйретемін.
- Қолайсыз жағдайда өз бойында пайда болған қобалжуды жеңе білуге үйретемін.
Жалпы қазақ педагогикасының тарихында «өз-өзіне қол жұмсайтын бала» немесе «өз-өзіне қол салуға бейім бала» деген ұғым болған емес. Ата- бабамыз «ақылды, ақылсыз бала» деп бөлсе де, өз-өзіне қол салады деген аты ұрпақ маңайына жақындатпаған. Бірақ, қазіргі кезде белең алып жүрген ос бір келеңсіз жәйттер бұл сөзді қорықпай атауға түрткі болып отыр. Себебі болашақ тұлғаны қалыптастыратын үш доғалық жан- жаққа ыдырады деп айтуға болады. Ол ата-ана тәрбиесі, әлеуметтік желіге құмарлық және адамның мейірімі. Осы үш тұтастықты бір-біріне жалғап, жүйелі жолға қою әрбір ата-ана мен мектептің ынтымақтастығына байланысты.