«БАЛАНЫҢ ӘУЕСТІГІ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕР ЕТЕ АЛА МА?»
(Ата-анамен жұмыс)
2013-2014 оқы жылы
6 мен 10-11 жас аралығы қызығушылық пен әуестіктің жандана түскен уақыты болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларына барлық қоршаған ортадағы дүниелер қызық, танып-білуге құмарлық тұдырмайды.
Жаңа оқу жылының басында барлық үйірмелер, балалардың ән-би тағы басқа үйірмелерде өз жұмыстарын бастап, оқушылар арасында жарнамаланып, тілек білдіруші оқушылардың барлығын еш бас тартусыз-ақ алады. Осы кезде бастауыш сынып оқушылары бірден бірнеше үйірмеге жазылады. Өйткені оған барлығы қызық. Бірнеше ай өткеннен кейін бұл талап білдірушы балалардың қатары сирейді, тек шынымен қызығушылығы жоғары балалар ғана қалады. Негізінен барлық істі қолынан келгенінше істеп, біліп, көрген дұрыс. Өйткені онсыз баланың қызығушылығы немесе бір іспен айналысуын, әрі өзіне сәйкесін табуда шешуші болып табылады. Ал бір дегенде бірнеше үйірмеге бардың деп айтудың қажеті жоқ, өйткені баланың жасы есейген сайын, оның белгілі іспен айналасуы, қызығушылығы да өзгеріп отырады, әрі тұрақтала бастайды.
Мұғалімнен, ата-аналардан «Баланың уақытын теледидар көрумен өткігеннен үйірмеге барғаны жақсы ма?» - деп сұрасаңыз, әрине үйірмеге барғаны, - дейді. Өйткені ол бірдеңеге үйренеді, баланың тұлғалық көзқарасын шындайды, әлеуметтік қарым-қатынасының үстем болуына ықпал етеді. Сондықтан да «Баланың әуестігі мен қызығушылығы оқу үлгерімінің төмендеуіне ықпал етеді» деген қорқынышты дәлелсіз, әрі орынсыз болып табылады. Керісінше белгілі бір үйірмеге қатысу балаларды , өз уақытын үнемдеуге, жинақылыққа үйретеді. Мысалы: мектептен тыс ән үйірмесіне немесе спорттық секцияға баратын бала өзінің әр минуты өте құнды екендігін біледі, әрі бос сөзге, жүріске салынбауға тырысады, өйткені әрбір ұжыммен бірігіп атқарған шығармашылық еңбегі өте құнды болып табылады.
Егер де оқушының оқу үлгерімін төмендететін жағдайда бұл баланың шектен тыс басқа бір іспен айналасуының нәтижесі, ықпалы деудің қажеті жоқ. Бұл тұста әр түрлі себептер болуы мүмкін, соны шешуге тырысу қажет. Егер оқу үлгерімі барлық пәндер бойынша төмендесе, бұл оқу түрткісінің төмендеуі немесе баланың өзін-өзі ыңғайсыз сезінуіне байланысты болуы мүмкін. 2,3,4 – сыныптардағы оқушылардың оқудағы әлеуметтік түрткісі өз сапасын төмендетеді, өйткені, бала енді оқуды, жазуды, сызуды біледі, әрі қызықты ақпаратты кітаптан оқып-біле алады. Ал, бір ғана пәннен оқу үлгерімі төмендесе, оның себебі ұстаздың балаға берген метериалын игере алмауында. Бұл тұста пән мұғалімі мен ата-ана екі жақтап бірігіп жұмыс істегені жөн, сонда ғана бұл сұрақтардың шешімін табуға мүмкіндік туады.
Психологиялық зерттеулер нәтижелерінде жүгінсек, егер баланың әуестігі мен қызығушылығы тұрақты болса, олардың үлгерімі де соған сәйкес бірқалыпты болады дейді. Ал ауытқұшылық немесе төмендеуі бұл уақытша жағдай. Негізінен алғанда бірінші сыныптардағы балалардың үлгерімі басқа сыныптағыларға қарағанда жоғары болады. Бұл тек баланыңқосымша іспен айналысуы ғана емес, сонымен бірге оқудың мәндә мазмұнға иеленуіне байланысты.
Қорыта келгенде, оқу үлгерімі де маңызды, бірақ мақсат емес, ол тек баланың жеке басының дамуының бір көрсеткіші болып табылады. Ал көрсеткіштер өте көп болуы мүмкін.