- Сүйектердің сынуы және зақым келуі, буындарының ісінуі және ауыруы;
- Сынған немесе шайқалып тұрған тістер, ауызының, ерінің жыртылуы немесе жаралануы;
- Бастың кейбір жерлерінде шаштың болмауы, қанталаған
- Ішкі ағзалардың зақымдалған
Баланы ұрып-соғатын ата-ананың немесе қамқоршысының жүріс- тұрысының негізгі ерекшеліктері:
- Баладағы соққылардың бар болуын нақты айталмау яғни сөздері қарама –қайшы немесе шатасқан
- Медециналық көмекті кеш сұрайды немсе мүлдем сұрамайды
- Баламен қарым-қатынаста эмоционалды қолдамайды, еркелетпейді;
- Қызметкерлерге қарым-қатынасы агрессивті;
- Баланың жарақаттарына қарағанда өзінің мәселесіне көп назар аударады;
Жанұяда қатаң қарым-қатынастың болу салдары:
- Баланың діншілдік секталарға қосылуы
- Кримналдық және фашистик бағыты бар бейформалды топтарға қосылу
- Балалардың агрессивті, қылмыстық жүріс-тұрысы
- Үйден қашып кеткен балалар аштан және суықтан өледі, басқа балалардың құрбаны болу мүмкін.
Жаза қолдану керек сияқты көрінген жағдай болса, немесе осындай жағдайдың алдын алу үшін келесі ұсыныстар көмектеседі:
- Балаңызға құлақ салыңыз, оны тыңдап, түсінуге тырысыңыз. Баланың мәселесіне еніп кетіңіз. Міндетті түрде оның көз қарасымен келісу емес, бірақ ата-ананың назар аударғанынан бала өзінің маңыздыдылығын, адамдық құндылығын сезінеді.
- Бала өзін дұрыс емес ұстамауы үшін, жағдайды өзгертіңіз немесе алдын алыңыз.
- Бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысу үшін балаға дем алу мүмкіндігін беріңіз.
- Баладан бір нәрсені талап ете отыра, оған нақты, анық нұсқаулар беріңіз. Бірақ сіз ашуланбаңыз, егер бала бір нәрсені түсінбесе немесе ұмытып кетсе. Сондықтан еш ызаланбай сабырлықпен балаға қайта-қайта өз талаптарыңызды түсіндіріңіз. Бала қайталағанды қажет етеді.
- Баладан бірден көп нәрсені талап етпңіз. Сіздің талаптарыңызды ақырын түсінуге мүмкіндік беріңіз
- Баланың қолынан келмейтін жұмыстарды талап етпеңіз.
- Ешнәрсені қызуқанды жасамаңыз. Тоқтаңыз , талдап көріңіз, неге бала өзін өзгеше емес, дәл осылай ұстайды ?
- Баланың түскен жағдайының қиыншылығы неде екендігін ойланыңыз. Сіз, балаға бұл жағдайда қалай көмек бере аласыз? Оны қалай қолдай аласыз?
Ата-аналарға арналған әдістемелік ұсыныстар
Жанұядағы балаларға жасалатын мәжбүрлеудің түрлері
- Физикалық мәжбүрлеу
- Менсінбеу , елемеу
- Сексуалдық мәжбүрлеу
- Психологиялық қатаң қарым-қатынас
Менсінбеу
Баланың негізгі қажетіліктерін менсінбеу (моральдық мейрімсіздік) - бұл ата- аналар тарапынан қарапайым қамқорлықтың болмауы, сонымен қатар баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін толыққанды орындамайды, сол себепті денсаулығы мен дамуы бұзылады.
Менсінбеудің салдары
Сыртқы көрінісі:
- Түрі шаршаңқы, боздық, көздері ісік
- Емшектегі балада құрғақтық, баздану, бөртпе
- Киімі ұқыпты емес, баланың мөлшеріне, жыл мезгіліне сай келмейді.
- Ластық , иісі бар
Физикалық көрінісі:
- Салмағы , бойы құрбыларына қарағанда аз
- Педикулез, қышма
- жиі «оқыс оқиғаларға» тап болады, ірің және созылмалы инфекциялық аурулар болып тұрады.
- Қажетті екпелердің болмауы
- Сөйлеу және психикалық дамуының тежелуі
Жүріс – тұрысының ерекшеліктері
- Қашанда қарны аш, тамақ ұрлауы мүмкін, қалдықтарды ақтару және т.с.с
- Ойнап білмеу
- Қамқорлыққа мұқтаж болу
- Мектеп сабақтарын жиі қалдыру
- Жүріс –тұрысы енжарлық немесе ересектің ролін алады да өзін ересек бейнесінде жүреді; агресивті немесе тұйық, шамадан тыс белсенді немесе жабырқаңқы, достығы түсініксіз немесе ешкіммен сөйлескісі келмейді, не сөйлесе алмайды;
- От шығаруға биім, жанурларға деген қатыгездік;
Психологиялық мәжбүрлеу
Эмоционалды (психикалық) зорлау болып: бір рет немесе бірнеше рет балаға психикалық әсер ету немесе ата-анасының және басқа да үлкендердің тарапынан баланы шеттету, осының себебінен балада эмоционалды дамуы, жүріс -тұрысы және әлеуметтенуге деген қабілеттілігі бұзылады.
Психикалық мәжбүрлеуге келесілер жатады:
- Физикалық күш қолданбай, ауызекі түрде балаға қауіп төндіретін сөздер айту
- Абыройын аяқ асты қылу, кемсіну
- Жақтырмайтынын ашық түрде көрсету және әрдайым сын айтып отыру
- Балаға қажетті ынталандырғыштан айыру, қауіпсіз қоршаған ортада негізгі қажеттіліктерін елемеу
- Баланың мүмкіншіліктері мен жасына сай келмейтін шектен тыс талап қою.
- Балаға психикалық зақым әкелген , бір рет дөрекі түрде психикалық әсер ету.
- Баланы әдейі оқшалау, оның әлеуметтік қарым-қатынастан айыру
- Баланы әлеуметке қарсы немесе бұзылу жүріс-тұрысына итермелеу (алкоголизм, нашақорлық және т.б)
Эмоционалды (психикалық) мәжбүрлеуге ұшырайтын баланың ерекшеліктері:
- Психикалық дамуының тежелісі
- Шоғырлана алмауы, оқу үлгерімі төмен
- Өзін-өзі бағалауы төмен
- Агрессия, ашу ретінде көрінетін эмоционалды бұзылыс
- Зейінге, ықыласқа шектен тыс қажеттілікті сезіну
- Депрессия, өзіне –өзі қол жұмсау әрекеті
- Құрбыларымен қарым-қатынасқа түсе алмауы
- Өтірік айту, ұрлық жасау девиантты мінез- құлық
- Жүйке-психикалық және психосоматикалық аурулар: невроз, энурез, ұйқының бұзылуы, тәбетінің болмауы, семіру, тері ауруы, астма және т.б
Эмоционалды мәжбүрлеу жасайтын үлкендердің жүріс- тұрысының ерекшеліктері
- Балаға қажет кезде, баланы жұбатпайды, еркелетпейді
- Көптің көзінше балағаттайды, абыройын аяқ асты қылады, баланың үстінен күледі;
- Басқа балалармен салыстырады оның пайдасына емес
- Өзінің барлық сәтсіздіктеріне баланы айыптайды.
Балаға деген сексуалдық мәжбүрлеу
Сексуалдық зорлық деп : Американдық зерттеушілердің анықтамасы бойынша, 16 жасқа толмаған (ал кейбір деректер бойынша 18 жасқа толмаған) баламен одан 5 жас үлкен ересек адам арасында болған сексуалдық жағдайды айтады. Бұл зорлық түрі , психикалық және физиологиялық тұрғыдан әлі де жетілмеген, тәуелді балалар мен жеткіншектерді сексуалдық іс-әрекеттерге қатыстыру ретінде сипатталдады, бұл жанұялық рөлдердегі қоғамдық тыйымды бұзады, олар әлі толығымен түсінбейді және пайымдап, саналы түрде рұқсат беру жағдайында емес. Сексуалдық зорлық балаға деген ерекше қатыгезді қарым-қатынастың түрі болып есептеледі.
Сексуалдық зорлау келесі жанұяларда жиі болады:
- Патриархалды – авторитарлық тәртіп;
- Баланың ата-анасымен қарым-қатынасы жаман, әсіресе анасымен;
- Ата-анасының арасында кикілжіңді қарым-қатынас
- Анасының, жұмыстан қол тимейді,
- Бала көп уақыт бойы әкесіз өмір сүрген
- Туған әкесінің орныда- өгей әкесі немсе анасының қасында тұратын тұрғын
- Анасы созылмалы аурумен аурады немесе мүгдектігі бар соның салдарынан ауруханада көп уақыт жатады;
- Ата-анасы (немесе солардың біреуі)ішімдікке салынған, нашақор, токсикоман
- Ата-анасы (немесе солардың біреуі) психикалық ауруы бар және с.с.
- Анасы балалық шағында сексуалдық зорлыққа душар болған.
Физикалық зорлау
Физикалық зорлау – бұл физикалық, психикалық ден саулығына әсер еткен (медециналық көмекті қажет ететін), дамуында артта қалған балаға әдейі жасалған соққы.
Бұл көбіне келесі жанұяларда болады:
- Физикалық жаза - баланы тәрбиелейтін әдіс ретінде қарайтын жанұяда;
- Ата-анасы (немесе солардың біреуі) ішімдікке салынған, нашақор, токсикоман
- Эмоционалды -психикалық ахуалы бұзылған (ұрыстар, жан-жалдар жиі болып тұрады, бір –біріне деген құмет жоқ)
- Жақындарының қайтыс болу себептерінен, жұмысты жоғалту, экономикалық кризис және т.б салдарынан ата-аналасы стесс жағдайында жүреді
- Баланың мүмкіншіліктері мен жасына сай келмейтін шектен тыс талап қою
- Баллардың келесі ерекшеліктері бар: анамнезде күні жетпеген, соматикалық немсе психикалық аурудың бар болуы, олар шектен тыс белсенді.
Балаға физикалық зорлықтың болғанын анықтау фактілері
Залалдың сипаттамасы
- Баланың бетінде, денесінде көрінетін көгергендер, жаралар, белбеумен ұрғанның ізі, ыстық заттармен, темекімен күйдіргеннің іздері.