Рудный қаласы әкімдігінің «№7 мектеп-гимназиясы» КММ
Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзіне қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз-тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор.
«Балбұлақ» жазғы мектепалды лагері 2011 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Лагерьге 1-7 сынып оқушылары қабылданады. Олар лагерьге келу жөнінде өтініш жазады. Сол өтініштері бойынша оқушылар топтарға бөлініп , топ тәрбиешілері анықталады. Лагерь жоспары алдын-ала құрылып, түрлі іс-шаралар өткізіледі. Лагерьдің негізгі мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өзін топта, көпшілік алдында еркін ұстауға үйрету. Лагерь 2 маусымнан тұрады. Әр маусымда оқушылар санына байланысты топтарға бөлінеді. Әр топтың тәрбиешісі және тәлімгері болады. Топта кем дегенде 20-25 бала болады. Лагерьдің әр күні конкурстар, ойындар, спорттық жарыстар, саяхатқа шығу, экскурия т.б. қызықты әрі пайдалы іс-шаралармен өткізіледі. Бүгінде лагерде 329 бала. Олардың ішінде көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы жеткіншектері бар. Оқушылар лагерде таңертеңгі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін демалады. Лагерьге келген демалушыларды мектеп медбикесі денсаулықтарын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізеді. «Бала күлкіге тоймас» дегендей, олар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып, әртүрлі шаралар мен спорттық ойындар өткізіп жүрген 10 тәрбиеші, 7 тәлімгер, 1 жаттықтырушы, кітапханашы, мектеп психологы, 6 үйірме жетекшісі, 1 лагерь жетекшісі бар.
Жеткіншектерге әртүрлі ойындар ойнатылып, тақырып бойынша тапқырлық, интеллектуалдық сайыстар ұйымдастырылып тұрады. Бір мезгіл балдырғандар сурет салып, тақпақ жаттап, ән салады. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтеді.
Тәрбиешілер мен тәлімгерлер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда.
«БАЛБҰЛАҚ» МЕКТЕПАЛДЫ ЛАГЕРІНДЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰРАМЫ
Жыл |
Барлық мұғалімдер дің саны |
Тәрбие ші |
Тәлім гер |
Үйірме жетекші лері |
Спорт жетекші лері |
Жүзу нұсқаушысы |
Мед бике |
2015 |
21 |
8 |
6 |
4 |
1 |
1 |
1 |
2016 |
20 |
7 |
4 |
6 |
1 |
1 |
1 |
2017 |
26 |
8 |
8 |
7 |
1 |
1 |
1 |
Соңғы 3 жылдағы оқушылардың лагерьге келу көрсеткіші
Жылдар
|
Оқушылар саны |
|
1 маусым
|
2 маусым |
|
2014-2015 |
151 |
75 |
2015-2016 |
215 |
80 |
2016-2017 |
234 |
95 |
1. Балбұлақ мектепалды лагеріне келуші оқушылардың сынып бойынша саны
Жыл |
Сыныптар бойынша |
||||||
1 сыныптар |
2 сыныптар |
3 сыныптар |
4 сыныптар |
5 сыныптар |
6 сыныптар |
7 сыныптар |
|
2015 |
37 |
49 |
55 |
32 |
33 |
14 |
6 |
2016 |
69 |
67 |
51 |
39 |
36 |
18 |
15 |
2017 |
75 |
86 |
58 |
42 |
34 |
21 |
13 |
«БАЛБҰЛАҚ» ЖАЗҒЫ МЕКТЕПАЛДЫ ЛАГЕРІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
Оқу үрдісі аяқталып, оқушылар жазғы демалыстарын қызықты да көңілді өткізу үшін лагерьдің ашылуын асыға күтеді. Бұл күні жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер мектепке келеді. Ал тәрбиешілер мен тәлімгерлер оқушыларға өте ерекше әрі қызыққа толы өнерлерін көрсетіп, ойындар ойнап, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алады. Алдымен ортаға қаһарлана шыққан жалмауыз кемпір барлық оқушыларды қорқытып, жаздың болмайтынын айтады. Бұған қарсы шыққан оқушылар ханшайым мен орман аңдарын ертіп жаздың жайдарлы күндеріне саяхатқа аттанады. Саяхат барысында кездескен кедергілерден өтіп, қызықты тапсырмалар орындап, ән айтып би билейді. Осындай мерекеден жақсы әсер алған балалар топтарға бөлініп мерекелік іс-шараның келесі кезеңіне өтеді.
«БАЛБҰЛАҚ» ЛАГЕРІНДЕ МЕКТЕП АЛАҢЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАР.
ЖАЗҒЫ ТАБИҒАТ ЕРЕКШЕ ТҮСТЕРМЕН
Лагерь барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін де еркін көрсете алады. Мысалы, мектеп ауласында жаз мезгіліндегі табиғаттың әсемдігін бейнелеп, өз ойындағы табиғатты керемет суреттері арқылы білдіреді. Әр бала өзінше әдемілеп, нақышына келтіріп салуға тырысады. Бірінен – бірі өткен суреттерді көргенде, нағыз суретшінің қолынан шыққан дүниелерді көргендей сезімде боласың. Бұндай ғажайып табиғаттың сұлулығын түрлі түсті бормен салған оқушылардың қиялдарының ұшқыр екеніне көзің жетеді.
ТОБЫЛ ЖАҒАЛАУЫНА САЯХАТ
Жазғы демалыс барысында лагерь алаңында балалар қызыққа толы саяхатқа шығады. Тобыл жағалауының керемет табиғаты көздің жауын алады. Жап-жасыл кілемге бөленген айнала кез-келген адамды шаттыққа бөлемек. Осындай сұлу табиғаты бар қаламыздың ерекше жерлерін оқушыларға көрсетіп, өсіп тұрған әр өсімдіктің атауы, пайдасы, ерекшілігі жайлы оқушыларға таныстырамыз. Жыл сайын әдетке айналған, асыға күткен саяхатқа биыл да жоспар бойынша жақсы дайындықпен аттандық. Бұл жолы оқушылар табиғат баурайында асыр салып ойнап, табиғатты тамашалап, таза ауада тамақтанып бір марқайып қалды.
«БАЛҒЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ!» ҚАЛА, ОБЛЫС ТӨҢІРЕГІНДЕ САЯХАТ
«Мектеп, жаз, балалар, демалыс»- осы сөздерді естігенде көп адамдарға бірден лагерь туралы ой келмеуі мүмкін. Бірақ біздің меткебіміздің мұғалімдері мен оқушыларының осы бір лагердегі ұмытылмас, қызықты күндер есіне түсетіні анық. Жыл сайын метепалды лагері алдын ала жоспарланып жоғары деңгейде өткізіледі. Лагерь барысында оқушылар қала маңындағы саябақтарға, парктерге, сонымен қатар облыс төңірегнідегі ойын сауық орталықтарына, жылқы зауытына саяхатқа шығады.
«СЕН РӘМІЗДЕРДІ БІЛЕСІҢ БЕ?» мұражайға саяхат
«Сен рәміздерді білесің бе?» рәміздер күніне орай қалалық мұражайда жарыс түрінде іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға мектеп оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға мемлекеттік рәміздердің қаншалықты маңызды екенін білдіре отырып, олардың патриоттық сезімдерін одан сайын арттыру. 3 топқа бөлінген оқушылар, алдымен өздерінің топтарының атауын анықтап алып, сол топ атауына байланысты ұрандарын бірге айтты. Жарыс 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең топ атын анықату болса. Екінші кезеңде оқушыларға мемлекеттік рәміздер, олардың авторлары, шығу тарихғы жайлы сұрақтар қойылды. Бұл кезеңде оқушылар өздерінің білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Ал үшінші кезең өте қызықты әрі ерекше өтті. Бұл кезеңдегі тапсырма мемлекеттік рәміздердің белгілері қима қағаздар түрінде берілген, сол қима қағаздардан әр топ рәміздерді дұрыс құрастырып шығуы керек. Бұл кезеңде де бір-бірінен асып түсті. Соңғы кезеңде топ басшылары сайысқа түсіп, әр сұраққа жылдам жауап беру арқылы ұпай жинады. Жарыс нәтиежсінде «Достық» тобы 1-ші орынға ие болды. Ал «Бірлік» және «Киелі сан» топтары ұпай боыңнша етң келіп, екніші орынды өзара бөлісті. Бұл іс-шарадан керемет әсер алған оқушылар мұражай жетекшілеріне өз алғыстарын білдірді.
«ҮМІТТЕРІ ЖАРАСҚАН, БЕЛЕСКЕ БИІК ТАЛАСҚАН» шығармашылық конкурстар
«Балбұлақ» жазғы мектепалды лагерінде оқушылардың бойындағы ерекше өнерлерін, таланттарын байқау және сол ерекше қасиетті оқушы көпшілік алдында еркін көрсетіп, өзінің қоғамда ерекше орыны бар екенін сезіне білу мақсатында түрлі шығармашылық іс-шаралар, конкурстар өткізіледі. Атап айтсақ, «Минута славы», «Лагерь аруы», «Талантты жастар», «Әнші балапан», «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы» т.б. Бұл конкурстарға оқушылар жоғары деңгейде дайындалады. «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы» сайысына қатысу үшін топтарға бірнеше күні бұрын сайыстың өткізілу ережесі берілді. Сол тапсырмалар бойынша оқушылар дайындалды. Бұл тапсырмаларға өзін таныстыру, үй тапсырмасы, яғни шағын сахналық қойылым көрсету. Өз өнерін көрсету және сұрақтарға жауап беру. Осы кезеңдер бойынша әр топтан шыққан 2 оқушы сахнада өнелрені көрсетті. Нәтижесінде әділ қазылар ең үздік 2 топтың ханзадасы мен ханшайымына бас жүлдені ұсынды. Ал «Минута славы» байқауы лагердің алғашқы күндері өткізілді. Бұл байқауға әр топтан бірнеше оқушы қатысты. Олар өздерінің бойындағы қайталанбас ерекше өнерлерін көпшілік алдында еркін көрсете білді. Фокус, гимнастика, әр түрлі жанрдағы әндер, топтық би, ұлттық билер, күй. Осындай өнерлерімен көрерменді тамсандырған оқушылар алғыс хат және жүлделі орындармен марапатталды.
ЛАГЕРЬ БАРЫСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ҮЙІРМЕЛЕР
Мектеп алаңындағы жазғы лагерде 6 үйірме жұмыс жасайды. Бұл үйірмелердің өткізілу мақсаты: балалардың бойындағы қабілеттерін танытып, шығармашылықтарын, кез-келген жұмысқа деген икеміділктерін шыңдай түсу. Бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуге жағдай жасау. Бұл тұрғыда үйірмелер жоспар бойынша жұмыс жасайды. Әр үйірме жетекшілеріне лагерь кетсеті беріледі. Осы кесте бойынша жұмыстар жүргізіледі. Атап айтсақ, робототехника (ақпараттану), ән сабағы, «сиқырлы қалам» сурет сабағы, тоғызқұмалақ, қызықты ағылшын, бассейн. «Қызықты ағылшын» үйірмесінің жұмысы барысында әртүрлі ойындар өтті. Олардың кейбірінде тіл үйрету элементтері басым болса, басқаларында дене шынықтыру элементтеріне көбірек көңіл бөлінді.
«Не зат жоғалып кетті»?
Үстелге 15-20 шақты зат қойылады. Балалардың барлығы оған бір минуттай зер салып қарауы керек. Бұдан кейін бір бала жеребе бойынша немесе өз еркімен шетке немесе басқа бөлмеге шығады. Осы уақытта балалар ойыншықтардың (басқа да заттардың) орнын ауыстырып жіберіп, біреуін жасырып қалады. Бұдан кейін шығып кеткен баланы шақырады. Оның міндеті қандай заттың жоғалып кеткенін тауып айту.
Бассейн - балалар үшін өте пайдалы. Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан беру сауда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқауды адам іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді. Балалардың қол-аяқтарының тірек-қимыл жүйесін бекітіп, денесін дамытады және төзімділігін арттырады. Баланың денесі күшті, буындары иілгіш, қимылдары шапшаң және әсем болуына ықпалын тигізеді.
«Сиқырлы қалам» сурет сабағында оқушылар менің сүйікті жыл мезгілім, ою-өрнек салу, менің жазғы демалысым атты тақырыптарда суреттер салады. Жұмыс барысында оқушылардың эстетикалық талғамдары арта түседі. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа үйренеді.
«Ән шырқайық достар» ән сабағында балалар жетекшімен бірге хормен, жеке ән салып үйренеді.
Тоғызқұмалақ үйірмесінде оқушылардың ойлау қабілеттері дамиды. Олар өзара жарысқа түсіп, қарсыласын ұтып кетуге тырысады.
Робототехника-(робот және техника; ағылш. robotics —роботика) роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы. Үйірме барысында оқушылар түрлі констркуторларды қолдана отырып, роботтар жасап үйренеді.
«АЙДЫН» ЖҮЗУ БАССЕЙНІ
МЫҚТЫ КӨШБАСШЫ – ҰЙЫМДАСҚАН ТОП
ЫРЫСТЫҢ МЕРЕЙІ - БІРЛІК
ЛАГЕРЬДЕГІ СОҢҒЫ КҮНДЕР
Жазғы демалыс маусымы – балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Олардың демалысын тиімді өткізу және демалыспен қамту жыл сайын дәстүрге айналған. Осы бір қызықты шақтың соңғы күндері мектеп оқушылары тәрбиешілерімен бірге «Орбита» ойын-сауық орталығында өткізді. Оқушылар түрлі конкурстарға қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Іс-шара соңында лагерь жетекшісі 2 апта бойы өнерде, спортта, білімде үздік деп танылған оқушыларды марапаттады.
ТІЛДІК ЛАГЕРЬ
1 маусымнан бастап мектебімізде 7-8 сыныптарға арналған тілдік лагерь өткізілді. Бұл лагердің мақсаты: оқушылармен қызықты тапсырмалар, ойындар өткізе отырып ағылшын тілін меңгеру, сабақ барысында алған білімдерін тереңдете түсу. Келесі оқу жылына дайындық. Лагерь барысында 20 оқушыдан құралған топ жұмыс жасады. Топ жетекшісі: Козлова Алия Байгереевна. Лагерь 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңі теория, екінші кезеңі практикалық жұмыстар. Оқушылар бірінші кезеңде сөздердің дұрыс оқылуы, дұрыс айтылуы, етістіктер, жалғау т.б. ережелермен танысса. Екінші кезеңінде топтық жұмыстар, қима қағаздардан сөздер, сөйлемдер құрастыру, ағылшын тілінде шағын өлең жазу, диалог құру т.б. қызықты тапсырмаларды орындады. Лагерь соңғы күнінде оқушылардың қаншалықты ағылшын тілін меңгергендігін байқау мақсатында шағын тест жұмысы алынды. Оқушылардың барлығы тест жақсы көрсеткіш көрсетті.
«Мультфильм мен кино кейіпкерлерін ата»
Бұл ойында мультфильмдер мен шытырман оқиғалы фильмдердің кейіпкерлері туралы айтылады. Балалар жеке өздері немесе бірнеше топқа бөлініп танымал кейіпкерлерді табулары керек. Сұрақтардың барлығы бірдей ағылшын тілінде болмаса да, жауаптар ағылшынша айтылғаны ләзім. Мәселен «Қандай кейіпкер сары түсті, квадрат пішінді және теңізде өмір сүреді»? Жауап: Sponge Bob square pants. Сұрақ: “Who is the richest duck?” Жауап: “Scrooge McDuck”
«Жансызды тап»
Ойын шарты бойынша, 2-4 «жансыз», яғни шпион және 1-2 «із кесуші» таңдап алынады. Балалар оларды санамақ әдісімен таңдап алса да болады. «Із кесушілер» бөлмеден шығып кетеді (ашық жер болса, алыстау барып тұрады). Осы уақытта балалар өз араларынан «жансыздарды» тағайындайды. Ойын жүргізуші «із кесушілерді» шақырып, ағылшын тілінде «шпиондардың» сипаттарын айтады. Ойынның басқа бір нұсқасы «қарақшылардан қапы қалма» (beware of robbers) деп аталады. Осы бойынша балалар «есіктен» өтулері шарт. «Полиция қызметкерлерінің» міндеті-сипаттамасы айтылған «қарақшыларды» жібермеу. Анықталмай қалған «қарақшылар» «тәртіп сақшыларын» ту сыртынан атып кетеді.
ҚАЛАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ІС – ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСУЫ
Отансүйгіштік - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі.Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен соғыстар кезінде ерекше өзектілікке, саяси мәнге ие болады. Бүгінгі күні Патриотизм мәселесі жаһандану, интернационализация, мемлекетаралық, аймақтық және жер шарылық ықпалдастық жағдайында өрши түсуде.
Кез келген өркениетті елге тән ортақ ұқсастықтар мен рухани құндылықтар болады. Ту, Елтаңба және Әнұран – солардың бірегей нышандары. Өйткені, бұл рәміздер әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдірумен қатар, елдікке шақыратын, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін, жүректегі патриоттық сезімді оятатын, Отанды, жерді сүюге жетелейтін, ерлік дәстүрлер мен сабақтастық рухында тәрбиелеуге жұмылдыратын айшықты белгілер саналады. Міне, бүгінгі таңда рәміздерімізге 25 жыл. Осы атаулы күнге орай қалалық ішкі саясаттың ұйымдастырылуымен сурет және мәнерлеп оқудан сайыс өткізілген болатын. Сайыс қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан 7 «А» сынып оқушысы Тұрғанбек Айша жүлделі 3 орынға ие болса, сурет номинациясы бойынша 6 «Ә» сынып оқушысы Рахимова Марияш 1 орынды иеленді. Оқушыларды мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Рахимова Марияш І орын
Тұрғанбек Айша ІІІ орын
Жеңімпаздар
«ЭКОFEST» СAЙЫСЫ
Хaлқымыз тaбиғaтты aнaғa теңеген. Өйткені, тaбиғaттa тіршілік өсіп өнеді. Өзіндегі бaрды aдaмғa, жaнуaрғa, өсімдікке берген. Aтa-бaбaлaрымыз миллиондaп мaл өсірсе де жерінің шaңын шығaрмaй, құнaрын жоғaлтпaй, тұнығын лaйлaмaй, Ұлы дaлaны мекендеген жaбaйы aң-құстaрғa, жәндіктерге дейін қaмқор болa білген. Тaбиғaттa бaсы aртық ештеңе жоқ. Тaбиғaт сырын терең білмей, оғaн немқұрaйлы қaрaу үлкен aпaтқa соқтырaды. Табиғи ортаны ластанбауына адамдардың терең түсінігі керек. Біз қоршаған ортаны қорғаймыз десек, балабақшадан бастап экологиялық тәрбиені үйреткеніміз дұрыс. Ата аналар тазалық сақтауды балаларының бойына неғұрлым ерте сіңірсе, соғұрлым іс алға басып, бүгінгідей күрделі жағдайлардың алдын алуға септігі тиеді. Сол мақсатта қаламызда 2 маусым күні қоршаған ортаны қорғау күніне орай ССГПО мен қаламыздың жастарынан құралған «Жастар» одағының ұйымдастырылуымен «ЭкоFest» сайысы өткен болатын. Мерекенің мерекенің мақсаты - қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту болып табылады.Сайыс сурет (коллаж) және үгіт бригадасы бөлімдерінен тұрды, сонымен қатар балалар уақытын қызықты етіп өткізу үшін мерекелік концерт, спорттық ойындар да жүргізілді. Сайыс қорытындысы бойынша мектебіміздің қоржынына сурет сайысы бойынша 3 орынды қанжыласақ, ал үгіт бригадасы номинациясы бойынша жүлделі 1 орынға ие болып, энергия үнемдеу және экологиялық тәрбиелік мәні бар ЭКОША – шағын орталық сертификатын ұтып алдық. Балаларымыз сайыс барысында халқымызға қоршаған ортаны қорғауға үгіт жасап, өз білімдерімен бөлісті.
«ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ, ЖЕР АНАНЫ ҚОРҒАЙЫҚ!»
ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ
Жаз уақытында қала сыртындағы сауықтыру лагерлеріне мектеп атынан көпбалалы отбасындағы оқушыларға жолдама беріледі. Бұл оқушылардан керекті құжаттар жиналып, ата-анасымен келісім шартқа отырып, оқушыға лагерге керекті заттары дайындалады.
Жыл |
Оуқышының аты-жөні
|
Сыныбы
|
Лагерь, маусым
|
2014-2015 |
Дүзелбаева Айсұлу |
6 сынып |
Орленок, 1 маусым
|
Дүзелбаева Күнсұлу |
|||
2015-2016 |
Жақсылық Ердібай |
5 сынып
|
Орленок, 1 маусым
|
Мұратбаев Сержан |
|||
2016-2017
|
Мырзабек Амина |
4 сынып
|
Чайка, 1 маусым
|
Сәбитбек Айкүміс |
1. «БАЛБҰЛАҚ» МЕКТЕПАЛДЫ ЛАГЕРІНДЕГІ ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР
Жылдар |
Өткізілген іс-шаралар саны |
Өткізілген іс-шаралар атауы |
2014 - 2015 |
6 |
1. «Шынықсаң шымыр боласың!» спорттық жарыс 2. «Ойнайық та, ойлайық» (танымдық ойын). 3. Фант ойнату (импровизациялық концерт) 4. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» (танымдылық ойын) 5. «Лагерь сұлтаны» 6. «Талантты жастар» |
2015 - 2016 |
9 |
1. «Мен және менің достарым» спорттық жарыс 2. «Кенгуру» спорттық сайыс 3. «Жайдары жазды суреттейік!» алаңдағы суреттер сайысы 4. «Лагерь аруы» конкурс 5. «Минута славы» 6. Аялдамадан өту ойыны (Спорттық) 7. «Ертегілер елінде» ескі ертегіні жаңартып көрсету 8. «Әнші балапан» ән байқауы 9. Сахналық қойылым |
2016 - 2017 |
12 |
1. «Биле, биле» би марафоны 2. «Ең үздік топ» суреттер сайысы 3. «Ең үздік топ» үгітбригада сайысы 4. «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы» 5. «Бәрін білгім келеді». Танымдық-спорттық ойын 6. «Кім бай болар екен?» аялдамадан өту ойыны 7. Көңілді футбол 8. Актерлік шеберлік сабағы 9. Викториналық ойын «Дені саудың – жаны сау!» 10. «Пародия» кеші 11. «Зерделі де зеректі» танымдық ойын 12. «Менің жазғы демалысым» алаңдағы суреттер сайысы |
ІІ Жазғы демалыс қызметін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау
жыл |
Басылым дар саны |
Оның ішінде |
|
||
Республикалық |
Аймақтық |
БАҚ жарияла нуы |
Әлеуметтік желі (Facebook, Twitter, Instagram және т.б.) |
||
2016 2017
|
10 |
«ЭкоFest»қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шара «Жұлдыздар отбасы» Ертегілер елінде Бала би
|
Газет «Костанай таны» Газет «Рудненский рабочий» «Учительская +»
|
«ТВС» телеарнасы «Алау» «Рудный дауысы»
|
https://m.facebook. https://m.facebook. |
БАСПА БЕТІНДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН ОҚУШЫЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНАН
Мұхамедина Азалия Азаматқызы
7 сынып оқушысы
Жайдарлы жаз
Бозала таң қылаң берген шақта әр күн сайын жақсы көңіл күймен оянасың! Көкжиектен көтерілген күн сәулесінің шуағынан нәр алып, құстар сайрап, әсем әуенге бөлейді. Балалар да көптен күткен жазғы демалысқа шықты. Бәрінің қуанышында шек жоқ. Жаз келбеті қандай көркем,тұнған мәуелі жемісті ағашы,көз тұндырар табиғат, жазиралы кең дала қандай десеңші?!
Мен ерекше жақсы көретін мезгіл -жаз мезгілі. Жаз көрінісіне көз тоймайды. Алақай, «Жайдарлы жаз келді, ақ нөсер төгеді »- деп шаттанамын. Көптен асыға күткен жаз келді. Көз тартар түрлі түсті көбелектер көздің жауын алатын гүлдерге қонады. Қызық. Айнала сондай жап-жасыл желек. Табиғаттың кереметтігіне таң қаласың? Таң шапағымен сайраған құстар әні өзінше бір бөлек. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. Күн ыстық. Біз таңертеңнен қас қарайғанша асыр салып ойнаймыз. Менің жазды ерекше жақсы көруімнің себебі ауладағы достарыммен бірге спорт алаңында бірге велисипед тебеміз, доп ойнаймыз,кітапханаға барып, көркем әдебиет оқимыз, көлге шомылып,күн шуақтап жатамыз. Барша балалар ерекше мәз. Аула жанында кешқұрым көп бала жиналамыз. Жаздың қызығы ойын. Барша балалардың қуаныштарында шек жоқ. Табиғаттың кереметтігін сөзбен жеткізе алмайсың?! Жаздың лебі, жаз қызығы жүреккке жылы тиіп жатады. Осы керемет көріністі Абай атамыз «Жаз» өлеңінде жақсы айшықтаған. Біздің Тобыл өзенінде, балалар суға шомылады. Жағасында күнге қыздырынамыз,ол бір керемет көрініс. Екі топқа бөлініп футбол ойнаған балалар қаншама? Бейне бір суретші салған жаз суретінің әсем бояулары іспетті. Жазғы демалыста достарыммен бірге «Балбұлақ» лагеріне бардық. Бар баланың көңілі далада. Асыр салып ойнағанға не жетсін шіркін!!! Жазда күнге қыздырынудың денсаулыққа пайдасы мол. Бұлшық еттеріміз ширығып,денеміз қошқыл түске еніп, түрлі салқын тиетін ауруларға денсаулық төтеп бере алады. Таңертең күн ерте көтеріледі. Шалғын шөп иісі мұрынды жарады, шегіркенің шырылы естіледі. Онсыз жазды елестету мүмкін емес. Жусанның иісін –ай, шіркін! Пыр-пырлап бозторғай ұшады. Достарыммен бірге: «Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерге барамыз»- деген шумақтарды хормен айтып, орманды басына көтеріп, жаздың қызығын әнге қостық. Атқа мініп, серуендеп, суретке түстік. Уақыттың қалай кеш болып қалғанын да байқамадық. Балалар үшін бұдан артық таңғажайып көріністің, базарлығынан артық ештеңе жоқ.
Жасыл ағаш, ну орман.
Қуанышты жаз келді,
Жаз келіп, жер көгерді.
Қозы-лақтар ойнақтап,
Төрт түлік мал жайлауда
Ырысы ол елімнің
Көбелектер әдемі
Гүлге қонып, ұшады,- деген жыр шумақтарыммен шашу шашып, жайдарлы жаз қызығы шаттық пен қуанышқа толы болатынына сенімдімін.
Рудный қаласы, Корчагина 153
Тел.: 8 (714) 31 7-95-24
E-mail.ru: rudny_sh7kaz@ mail.ru