Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

 

Мемлекет  басшысы «Болашаққа бағдар:  рухани жаңғыру»  атты бағдарламалық  мақаласында латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін айтып өткен болатын. Осы мақсатта қазіргі таңда мектебімізде атқарылып жатқан істер аз емес. Соның бірі 12 қаңтар күні мектеп директоры Қымбат Исланбекқызы бастауымен өткізілген «Латын қарпіне көшу – заман талабы» тақырыбында 6-10 сынып әкімдері арасында өткізілген коучинг-сессия. Коучинг-сессия 2 бөлімнен тұрды, 1 бөлімінде латын қарпіне түсініктеме беріліп, латын әліпбиімен танысса, ал 2 бөлімде оқушылар өз ойларын ортаға салды.  3 топқа бөлінген оқушылар латын қарпінің оң жақтарымен қоса, өздеріне келтіретін қиындықтар жайлы айтып өтті. Коучинг-сессия соңында оқушылар өздерінің өмірбаяндарын қысқаша латын қарпін пайлана отырып жазып, бір-бірлеріне оқып берді.